Актау қаласындағы көшпелі сессия
2019 ж. 23-24 тамызында Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық ауруханасының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстанның интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтарының қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезекті көшпелі сессиясы өтті. Осы сессия шеңберінде «Эндоваскулярлық хирургиядағы күрделі клиникалық жағдайлар, оларды емдеудің жолдары және асқынулардың профилактикасы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараның бас демеушісі біздің елде жетекші Boston Scientific әлемдік өндірушіні ұсынатын «Макаби Мед» компаниясы болды. Сессия шеңберінде интервенциялық кардиологияның (күрделі жағдайлар, асқынулар, олардың алдын алудың жолдары), онкологиядағы және нейрохирургиядағы емдеудің интервенциялық әдістеріне қатысты мәселелер талқыланды. Бұл сессияның интервенциялық кардиологтар, рентгенхирургтар және эндоваскулярлық хирургтар үшін зор ғылыми және практикалық құндылығы болды. Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің дәріскерлері осы бағыттардың түрлі аспектілері бойынша өзекті ақпаратты ұсынды. Ақтау қ. «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҰ ҚКК рентгеноперация жасау блогында шеберлік кластар өткізілді. Профессор, м.ғ.д., Амбулаторлық жағдайларда диагностикалау мен емдеудің рентгенэндоваскулярлық әдістері зертханасының басшысы, РФ ДСМ Ұлттық кардиология медициналық зерттеу орталығы ФГБҰ дәрігері Матчин Юрий Георгиевич «Емдеу тактикасын анықтау үшін iFR пайдалану» тақырыбында шеберлік класс өткізді. Алматы қ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгеноперация жасау блогының меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Колесников А.Е. «Бифуркациялық стенттеу» тақырыбында шеберлік класс өткізді. Матчин Ю.Г. және Колесников А.Е. көрсеткен жоғары шеберлік сабағы барлық қатысушылар мен тыңдаушылар үшін зор әсер қалдырды.
Медицинаға арналған бұйымдар көрмесінде сессия қатысушыларына отандық және шетелдік өндірушілердің жаңа жетістіктерімен танысуға, сондай-ақ Қазақстанның өнім жеткізушілерінің жетекші компанияларымен байланысты орнатуға мүмкіндік болды.
Сонымен қатар конференцияда отандық және шетелдік әріптестердің мазмұнды да қызықты баяндамалары ұсынылды:
- «МОА 30 жылдығы. Жетістіктері мен жоспарлары». Каюпов Болатбек Амангельдинович, м.ғ.д., «Маңғыстау облыстық ауруханасы» ШЖҚ ҚКК директоры.
- «Интервенциялық кардиологиядағы негізгі жаңалықтарға шолу» - Алматы қ. ҚКО рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Қазақстанның интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтарының қоғамы» РҚБ Басқарма төрағасы, м.ғ.к. Сахов Оразбек Сраилович.
- «Миокард реваскуляризациясы бойынша 2018 ESC/EACTS нұсқаулығына шолу». «Қазақстандық кардиологиялық қоғам» РҚБ Басқарма төрайымы Абсеитова Сауле Раимбековна.
- «Жүрекше фибрилляциясы бар науқастарда ТКА кейінгі қос антиагрегантты терапияның ерекшеліктері». «М.Оспанов ат. БҚММУ» РМКК қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру факультетінің терапия кафедрасының меңгерушісі, профессор Жолдин Бекболат Кулжанович.
- «ЖКС кейін науқастардың жағдайын болжауды жақсартудың инвазивтік және консервативтік стратегияларының қосындысы ретіндегі қос антитромбоцитарлық терапия» - ҚазҮБМУ ревматология курсы бар кардиология кафедрасының меңгерушісі, «Артериялық гипертония және кардиоваскулярлық профилактика жөніндегі мамандар қоғамы» ҚБ Басқармасының төрайымы Джунусбекова Гульнара Алдешовна.
- «RE-CIRUIT зерттеулерінің нәтижелері. Дабигатранды үнемі қабылдау көрінісінде жүрекше фибрилляциясын емдеуге арналған катетерлік абляция». ҚазҮБМУ ревматология курсы бар кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Тундыбаева мира Капсиметовна.
- «Тикагрелор: ЖКС ауыратын науқастарда жиі қолданылатын сұрақтар». Алматы қ. ҚКО рентгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сахов Оразбек Сраилович.
- «Ротациялық атерэктомия – қашан және қалай, клиникалық артықшылықтары» Никола Песич, Шығыс Еуропа және Евразиядағы күрделі ТКА бойынша клиникалық маман, Boston Scientific
- «Кардиохирургиялық операциядан кейінгі ауыр науқастарды емдеудің интервенциялық әдістеріи». Интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық рентгенхирургия бөлімінің басшысы, Стамбол Бегылан, ҰҒМО, Астана қ.
- «Созылмалы окклюзияның күрделі жағдайлары, берілетін кеңестер мен ұсынымдар». Meruzhan Saghatelyan. Ереван, Армения
- «Сирек араласулар (интервенциялық кардиологтың практикасында болған 3 оқиға)». Интервенциялық кардиолог дәрігер Кадирова Сауле Узакбаевна, ҰҒМО, Астана қ.
- «Қан кету қаупі жоғары пациенттерге BioFreedom стенттерін қолдану: клиникалық жағдайлар» Сабитов Ерсын Тюлютаевич, «Семей медициналық университеті» АеҚ Университет госпиталі, Семей қ.
- «Terumo – Дәстүрлер мен Инновациялар». Ольга Алдаева, өнім жөніндегі маман, TERUMO EUROPE N.V.
- «ТКА кезіндегі коронарлық артериялардың тесілуі және оларды емдеу» Орынбасар Тайманулы. Интервенциялық кардиолог дәрігер, №7 қалалық клиникалық аурухана, Алматы қ.
- «Synergy стенті – өйткені сіз ешқашан өмірдің қай уақытта күрделі болатындығын білмейсіз». Никола Песич, Шығыс Еуропа және Евразиядағы күрделі ТКА бойынша клиникалық маман, Boston Scientific
- «Церебралдық артериялардың стеноздары мен окклюзиялары». Сулейманкулов Нуржан Абылович, интервенциялық нейрохирург, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Алматы қ.
- «Көрсетудің тамырішілік әдістері және коронарлық артерияларда қысым градиентін өлшеу». Матчин Юрий Георгиевич, м.ғ.д., профессор, амбулаторлық жағдайда диагностикалау мен емдеудің рентгенэндоваскулярлық әдістері зертханасының басшысы, РФ ДСМ Кардиология ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Мәскеу қ., Ресей.
- «Бауыр обыры кезіндегі химиялық эмболизациялау (көрсеткіштері, науқастарды іріктеу, эмболизирлейтің агенттерді таңдау, жүргізу әдісі). Түркістан облысының облыстық онкодиспансерінің химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Арыбжанов Дауранбек Турсункулович
- ««Рентген сәулеленуден қорғанудың заманауи үрдістері» . Говорухина Маргарита Андреевна, BIOTRONIK компаниясының өнімдер бойыншжөніндегі менеджері.
- «MyVal – жүректің баллонды кеңейтілетін транскатетерлік қақпақшасы. Ғылыми және клиникалық деректерге шолу». Ravinder Singh Rao, Индия
- «Күнделікті тәжірибеде фракциялық резервті пайдалану». Доктор Сало Сергей Васильевич, м.ғ.к., Украина ҰМҒА Н.М. Амосов ат.Ұлттық жүрек-тамыр хирургиясы институтының шұғыл эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. «Фирма Меда» ШЖС / Эбботт)
- «Қазақстанның катетерлік зертханасында Кайдзен философиясын енгізудің алғашқы тәжірибесі» Алматы қ. ҚКО интервенциялық кардиолог дәрігері Кужукеев Арыстан Муратович
- «Қазақстанның Еуропалық жүрек-қан тамыр араласулары қоғамындағы мүмкіндіктері». Кулимбетов Мухтар Болатұлы, «С.Д.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медициналық университеті» АеҚ.
- ««Жаңаөзен қаласында кардиологиялық орталықтың ашылуы туралы», Жариев Коблан Маратович, Жаңаөзен қалалық ауруханасы жанындағы Жеке медицина орталығы.
- ««Дәрілік жабындысы бар баллондар: аяқтың зақымдануы жағдайындағы эндоваскулярлық емдеудің жаңа стандарты» Азимбаев Галымжан Сайдулаевич, рентгенхирург дәрігер, КМС медицина орталығы, Алматы.