• практикаға интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия саласында барынша өзекті әзірлемелердің енгізілуіне, сондай-ақ осы саладағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының дамуына жәрдемдесу;
  • творчестволық бастаманың дамуын қолдау және жәрдемдесу, мамандарды жүрек-қантамыр ауруларының іргелі, қолданбалы, пәнаралық проблемаларын әзірлеуге белсенді тарту;
  • мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия саласындағы ғылыми-зерттеу, клиникалық және практикалық қызметпен айналысып жүрген жас ғалымдар мен дәрігерлерді қолдау және оларды әрі қарай дамуға ынталандыру;
  • халықаралық және қазақстандық ұйымдар мен ғылыми қоғамдармен ынтымақтастықтың кеңеюіне, мамандар арасында кәсіби байланыстың жүзеге асырылуына жәрдем беру;
  • интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия саласында ғылыми зерттеулерді үйлестіру және болжауға жәрдем беру;
  • белгіленген тәртіпте жас мамандармен конференциялар, көрмелер, симпозиумдар, семинарлар өткізу;
  • интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру, біліктілікті арттыру, кәсіби дайындық саласында Қоғам мүшелері үшін білім беру барысын ұйымдастыруға жәрдем беру;
  • Қоғам мүшелері үшін ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыруға жәрдем беру;
  • кітаптар, каталогтар мен тақырыптық жинақтар, конференция материалдарын жариялау дайындығына қатысу;
  • белгіленген тәртіпте тіркелген Қоғамның мерзімдік басылымын шығару.