Интервенциялық кардиологтар және эндоваскулярлық хирургтар қоғамының IV съезі, Алматы, 2018 ж.

2018 жылғы 28-29 қыркүйекте Алматы қ. «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінің конференц-залында Қазақстанның интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтары қоғамының IV съезі өтті.

Мына мәселелер талқылауға ұсынылды:

  • Интервенциялық кардиология (бифуркациялық стеноздар, созылмалы окклюзиялар, стенттеудің күрделі жағдайлары)
  • Перифериялық тамырлардың зақымдануын эндоваскулярлық емдеу.
  • Онкологиядағы және нейрохирургиядағы емдеудің интервенциялық әдістері.

Іс-шараға өзінің қызмет еткен жылдарында 50 мыңнан астам интервенциялық араласулар жасаған Милан қ. (Италия) Колумбус және Сан Раффаэль госпитальдарының жүрек катетеризациясы зертханасының директоры, профессор Антонио Коломбо қатысып, әріптестермен өзінің бай тәжірибесімен бөлісті. Съезд шеңберінде профессор Антонио Коломбо Алматы қ. Кардиологиялық орталығында онлайн трансляция жүргізу арқылы шеберлік класс өткізді және мұны көптеген елдің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша және Италия) жүзден астам кардиологтары бақылай отырып, жүрек тамырларын стенттеу бойынша жасалған ерекше операцияны көре алды.

Съезде Польша және Италияның операция жасау блоктарынан екі онлайн-трансляция ұсынылды. Профессор Roberto Ferraresi (Италия) рентгенконтрастылы орта СО2 инжекторы ретінде Angiodroid аппаратын қолдана отырып перифериялық стенттеуді ұсынды. Профессор Р. Гил (Польша) «Bioss бифуркациялық стенті» тақырыбында презентация ұсынды. Қатысқандар науқас үшін қауіпсіз кезде процестің жақсы көрсетілетіндігіне көз жеткізді.

Сондай-ақ съезде отандық және шетелдік әріптестердің қызықты да тартымды баяндамалары ұсынылды:           

  • «Қазақстандағы интервенциялық кардиологияның негізгі жетістіктері» – м.ғ.к. Алимбаев Серик Анламазович.
  • «Қазақстандағы шұғыл кардиологияның дамуы» – м.ғ.д., профессор Абсеитова Сауле Раимбековна.
  • «Мерилден стенттер мен скаффолдардың инновациялық технологиялары» – профессор Антонио Коломбо, Италия.
  • «Orsiro (provisional stenting technique) стентін пайдалана отырып бифуркациялық стент жасалған жағдайлар» – Колесников Алексей Евгеньевич.
  • «ТКА нәтижелерін жақсартуға арналған тамырішілік ультрадыбыстық зерттеулер» – м.ғ.д. Матчин Юрий Георгиевич.
  • «Clever Medical – медицинаға арналған жоғары сапалы бұйымдардың жаңа Қазақстандық өндірушісі» – Жанов Абзал.
  • «Бифуркациялық зақымдануды емдеудің заманауи әдістері және олардың нәтижелері: жаһандық тіркелімнің мәліметтерін талдау» – Телеуов Даурен Ахметович.
  • «Tansei – күрделі зақымдануларды емдеуге әсер ететін жаңа технологиялар» – Наталья Чурилова.
  • «Клиникалық жағдай» – Анартаев Сакен Мурасович.
  • «Қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеудің заманауи тәсілдері» – Экрем Ходжаметов.
  • «ҰҒКО үлгісінде стационарлық инсультті емдеудің тәжірибесі» – Медетов Еркин.
  • «Orsiro стенті мен Magmaris резорбияланатын магний скаффолды зерттеудің жаңа деректері» – Говорухина Маргарита.
  • «Аспирациялық тромбэктомия – №7 ҚКА тәжірибесі» – Кастей Рауан.
  • «Шығыс Қазақстан облысының облыстық медициналық орталығының тәжірибесі» – Абишев Куатжан.
  • «ТЭЛА кезіндегі катетерлік тромболизис – №7 ҚКА тәжірибесі» – Тайманулы Орынбасар.
  • «Интра- және экстракраниалдық стеноздар және окклюзиялар – ОКА АҚ тәжірибесі» – Сулейманкулов Нуржан.
  • «Онкологиядағы интервенциялық радиологияның мүмкіндіктері» – Арыбжанов Дауранбек Турсункулович.
  • «Денесін май басқан пациенттерде солжақ қарыншалық артериясын эмболизациялаудағы біздің тәжірибе» – Чиналиев Азат Мырзабаевич.
  • «АГ резистентті эссенциалы кезіндегі бүйрек артерияларының радиожиілікті денервациясы». Абилханов Ержан  Ерганатович.
  • «Стент-графты импланттағаннан кейін пациентте құрсақтық қолқаны хирургиялық қалпына келтірудің клиникалық жағдайы». Тукинов Руслан Ялкынович.
  • «2017-2018 ж. қос антиагрегантты терапияның түйінді орындары». м.ғ.д., проф., Джунусбекова Г.А.
  • «Миокардты реваскуляризациялағанға дейінгі және кейінгі үдемелі статинотерапия» – м.ғ.д., проф. Тундыбаева М.К.
  • «Антитромбоцитарлық терапия. Мәселеге деген көзқарас». Макашева З.С.
  • Катетеризациялық зертхана жұмысына Кай-дзен қағидаларын енгізудің тәжірибесі. Кужукеев Арыстан.

Терумо-Кайдзен бірлескен жобасының презентациясы (шеберлік класс). Терумо өкілі Молданиязов Аслан және Алматы қ. Кай-дзен орталығының сертификатталған жаттықтырушысы Есенова Динара.

Scroll to Top