Қоғам тарихы
«Қазақстанның интервенциялық кардиологтары және эндоваскулярлық хирургтарының қоғамы» ҚБ 2011 жылы құрылды. Қоғам құрылғаннан бері Астана және Алматы қалаларында 4 съезд, сонымен қатар Өскемен, Петропавловск, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау қалаларында 5 көшпелі сессия өткізілді. Оның жұмысында қазақстанның жетекші мамандарынан басқа, көптеген беделді шетелдік әріптестер қатысты. Барлық съездер айтарлықтар табысқа қол жеткізді және еліміз бен шетелдің медициналық ортасында кең резонансқа ие болды. Жыл сайын конференциялар, көшпелі сессиялар, симпозиумдар және т.б. ұйымдастырылады. Қазіргі кезде Қоғам Қазақстан Республикасының көптеген қалаларының дәрігерлерін біріктіреді.
Сонымен қатар қоғам шетелдік әріптестермен тығыз байланыста жұмыс жасайды, оның ішінде әлемдегі жүрек-қан тамыр медицинасы бойынша жетекші курс болып табылатын жыл сайынғы EuroPCR курсына қатысады. Қоғам мүшелері жыл сайын интервенциялық жүрек-қан тамыр кардиологиясы саласында білімін жетілдіру және тәжірибе алмасу үшін осы курсқа қатысады. Біз сондай-ақ Кардиологтардың Еуропалық қоғамымен (ESC) тығыз байланыстамыз.